Помпео Иранмен ешбір шартсыз келіссөз жүргізуге дайын екенін қайталады
Маусым 24, 2019 15:20 Asia/Almaty
АҚШ Мемлекеттік хатшысы жексенбіде Вашингтонның Иранмен ешбір шартсыз келіссөз жүргізуге дайын екені туралы уәжін қайталады.
«Пресс ТВ-дің» мәліметінше, Майк Помпео Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігіне сапар шегуден бұрын: «Біз Иранмен ешбір шартсыз келіссөз жүргізуге дайынбыз және олар бізбен қалай қатынас орнатуды біледі»,- деді.
АҚШ Президенті Дональд Трамп өткен жұмада Иранмен ешбір шартсыз келіссөз жүргізуге дайын екені туралы уәжденді. Трамп пен оның үкіметінің жоғары лауазымды басшылары Иранмен келіссөз жүргізу туралы Вашингтон заңсыз түрде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, ядролық мәселеге қатысты санкцияларын қайтадан енгізген жағдайда жариялап отыр.
Тегтер