Трамптың Иранға қарсы жаңа сандырағы
(last modified Wed, 26 Jun 2019 12:30:31 GMT )
Маусым 26, 2019 18:30 Asia/Almaty
  • Трамптың Иранға қарсы жаңа сандырағы

Тіпті америкалық басшылар мен саясаткерлерінің көбінің тарапынан жанжал тудырушы және қисынсыз адам деп аталған АҚШ Президенті Дональд Трамп ИИР-на қарсы дұшпандық саясатының жалғасында Теһранға қарсы сандырағын қайталады.

Трамп сейсенбі күні кешке тіл тигізетін твитінде Иранның басшыларын жақсылық пен жанашырлықты түсінбеді деп айыптап: "Олармен тек күшпен сөйлесу қажет",- деп жазды. Трамптың бұл уәждері оның билік басына келген кездегі ИИР-на қарсы білдірген ұстанымына қайшы. Ол сан рет Иранды әртүрлі санкциялар енгізу  және тіпті әскери шабуылымен қорқытты. Бұл салада Трамп өзінің соңғы твитінде Теһранға АҚШ-тың әскери құдыретін еске салып, АҚШ Армиясының бір жарым триллион доллар инвестиция салынуымен әлемнің ең күшті әскери күштері екені туралы уәжденді. Алайда Трамп Парсы шығанағы аймағында орналасқан Американың әскери күштерінің өткен бірнеше айда  артуына қарамастан, Иранның әскери күштерімен бетпе-бет келуден тартынып, тіпті Иранның әуе қорғаныс жүйесі елінің әуе кеңістігін бұзған АҚШ-тың тыңшылық  «Global Hawk»    ұшқышсыз ұшағын құлатқан кезде де уәждері мен қоқан-лоққыларына қарамастан  Иранға әскери жауап қайтаруға батылы жетпегенін ұмытқан сынды.

АҚШ Президентінің Иранға қарсы келесі уәжі Теһранды лаңкестікті қолдаумен айыптаулары болып табылады. Трамп АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы лаңкестіктің ең үлкен демеушісі мен қолдаушысы болғанын және тіпті 2016 жылы президенттік сайлаудың алдындағы пікірталастарында АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама мен бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Хилари Клинтонды ДАИШ тәкфиршіл лаңкестік тобын құрушылар деп жариялағанын ұмытты. ИИР әртүрлі елдерді басқарып, Ирак пен Сириядағы ДАИШ сынды лаңкестік топтармен күресіп, оларға үлкен соққы берді. Иранның Ирак пен Сириядағы кеңесу көмектері үнемі америкалық, саудиялық және сионистік қарсылықтармен бетпе-бет келді. Трамптың твиттерінде тоқталған келесі мәселесі Теһранға америкалық күтерге қарсы әр әрекеттенуі немесе әскери шабуыл жасауына ескертуі болды. Трамп: "Иранның әр мақсатты шабуылы әскери жауаппен бетпе-бет келді",- деп жазды. Оның әскери қарсыласу деуі кейбір жәйттерде толық жоюды білдіреді. Ол Обама үкіметі мен Джон Керридің уақыты аяқталғаны туралы уәжденді. Обаманың Иранның стратегиялық әскери құдыретін түсініп, Иранмен әскери қақтығысқа келмеуге талпынуы  оның билігінің соңында Сақшылар корпусы теңіз күштерінің америкалық теңізшілерді құрықтаған кезде, Джон Керридің Ираннан кешірім сұрауымен азат етілген болатын. Трамптың саяси бос сөздері бұл мәселеге немқұрайдылық білдруінің белгісі. Осы кезде Трамп орын алып жатқан оқиғаларға мән бермей, АҚШ-тың әскери құдыретімен мақтануда. Негізінде Иран мен АҚШ-тың Парсы шығанағы аймағындағы соңғы бетпе-бет келулері, әсіресе АҚШ Армиясының ең дамыған әрі ең қымбат «Global Hawk»     ұшқышсыз ұшағы құлатылған оқиғада америкалық күштердің үлкен сәтсіздігін көрсетті.