Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауды жалғастыруда
Шіл 05, 2019 15:21 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне табанды екенін жариялады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова: «Иран ядролық жұмыстарын азайту міндеттемелерді өз еркімен қабылдаған болатын, сондықтан бұл елді келісімді бұзушы деп атауға болмайды. Иранның қазіргі ядролық жұмыстары алаңдататындай емес әрі олар Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауымен жасалуда»,- деді. Захарованың айтуынша, Иранның уран қорын арттыру шешіміне АҚШ-тың бұл елге қарсы әрекеттері мен санкциялары себеп болды.
Тегтер