Иранның жасөспірімдер күрес командасы Қазақстандағы азиялық жарыстар жеңімпазы атанды
Шіл 08, 2019 14:21 Asia/Almaty
Иранның жасөспірімдер күрес командасы 7 алтын, 1 күміс және 1 қола медальге иеленіп, Қазақстандағы азиялық жарыстардың чемпионы атанды.
Иранның күрес федерациясының мәліметінше, 6-7 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының соңында Иранның ұлттық күрес командасы 7 алтын, 1 күміс және 1 қола медалімен 212 ұпайға иеленіп, құрлық чемпионы болды. Ираннан кейін Үндістан командасы 157 және Қазақстан командасы 145 ұпаймен сәйкесінше екінші және үшніші орындарда орналасты.
Тегтер