Қатарда АҚШ пен талибандар келіссөздерінің жетінші кезеңі қайта басталды
Қатарда АҚШ пен талибандардың екі күн тоқтатылған "бейбітшілік келіссөздерінің" жетінші кезеңі бүгін қайта басталды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Кабулдан жіберген мәліметінше, АҚШ пен талибандар келіссөздерінің жетінші кезеңі өткен сенбіде Қатарда басталып, бұл келіссөздер жабық есіктің артында БАҚ-тардың қатысуынсыз жалғасуда. Бұл келіссөздер жексенбі мен дүйсенбіде талибандар мен саяси партиялар арасындағы келіссөзерге байланысты Доха қаласында тоқталыған болатын. Бұл келіссөздер өткен кеште қарар бекітіп, өз жұмысын аяқтады. Қарарда соғыстың тоқтатылуы мен бейбітшіліктін орнатылуы және ауғандар арасында келіссөздер жүргізуді қуаттады. Ауғанстан үкіметі бұл отырыстарға қатыспады, сондықтан бұл отырыстардағы келісімдер іске асырылмайды.