Мәскеу: Басқармалар кеңесінің отырысы америкалықтар үшін сабақ болды
(last modified Fri, 12 Jul 2019 10:10:17 GMT )
Шіл 12, 2019 16:10 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Басқармалар кеңесінің отырысы америкалықтар үшін сабақ болды

Ресей Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланысты Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Басқармалар кеңесінің отырысын америкалықтар үшін жақсы сабақ болғанын қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мария Захарова бейсенбі күні: «2018 жылы халықаралық негіздер мен заңдарға қайшы біржақты шешімімен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан америкалықтар  Ираннан бұл ядролық мәселеге қатысты келісімнің баптарын орындауды талап етеді»,- деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы АҚШ-тың АҚХА Басқармалар кеңесінен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы және бұл келісімге байланысты Иранның әрекеттері туралы төтенше отырысын өткізуін сұрауын АҚ үйдің қисынсыздығының белгісі деп атады. Мария Захарова: «Отырыстың өтуі мен оның нәтижесі америкалықтар үшін жақсы сабақ болып, қате әрі біржақты әрекеттерінің олар қалаған  нәтижеге жетпейтінін, сондықтан шиеленісті тоқтату қажеттілігін көрсетті»,- деп қосты.