Егер Иран танкері босатылмаса, Британияның әрекеті жауапсыз қалмайды
(last modified Sun, 14 Jul 2019 08:41:48 GMT )
Шіл 14, 2019 14:41 Asia/Almaty
  • Егер Иран танкері босатылмаса, Британияның әрекеті жауапсыз қалмайды

Британиядағы Иран елшісі GRACE 1 мұнай танкерінің тәркіленуіне тоқталып, егер Иран танкері мен тиелген жүгі босатылмаса, Британия әрекетінің жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.

Британиядағы Иран елшісі GRACE 1 мұнай танкерінің тәркіленуіне тоқталып, егер Иран танкері мен тиелген жүгі босатылмаса, Британияның әрекеті жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.

Хамид Баидинежад сенбі күні Twitter желісіндегі жеке парақшасында «Британия Иран мұнай танкерін заңсыз тәркілеудегі қате есебімен өз қателігін қайталамауы керек. Танкер заңды бұзбағанымен, Британия теңіз қарақшылығы әрекетімен осындай қылмыс жасады» деп жазды.

Ақпарат құралдары сенбі күні таңертең Гибралтар полициясының Иранға тиесілі GRACE 1 мұнай танкерінің барлық қызметкерін ешбір айыпсыз және кепілсіз босатқанын хабарлады.