Британия Гибралтарға ирандық танкерді тұтқындағаны үшін алғыс айтты
(last modified Thu, 18 Jul 2019 10:32:26 GMT )
Шіл 18, 2019 16:32 Asia/Almaty
  • Британия Гибралтарға ирандық танкерді тұтқындағаны үшін алғыс айтты

Британия Премьер-министрі сәрсенбі күні Гибралтар аймағының жергiлiктi өкiметiнiң басшысы Фабиан Пикардоға ирандық танкердi тұтқындағаны үшін алғыс айтты.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Тереза Мей Гибралтар Бас министрі Фабиан Пикардомен кездесуінде ирандық танкерді тұтқындағаны үшін ризалығын білдіріп: «Бұл танкер Еуроодақтың Сирияға қарсы енгізген санкцияларын бұзғаны үшін тұтқындалды»,- деді.

4 шілде күні Гибралтар жергілікті үкіметі Британия теңіз күштерінің көмегімен заңсыз әрекетінде Гибралтар жағалауында ирандық Grace-1 танкерін тұтқындаған болатын. Британия танкерді Еуроодақтың Сирияға қарсы санкцияларын бұзғаны үшін тұтқындағанын жариялады. Бірақ Гибралтар мәселесінде Лондонмен келіспейтін Испания үкіметі Британияның бұл әрекетін АҚШ-тың бұйырығымен жасағанын қуаттады. АҚШ: «Бұл танкер Сирияға мұнай тасымалдап бара жатқан»,- деп уәжденді.