Чавушоглу: Ғ-35 ұшақтарын сатуды тоқтатудың заңды дәлелі жоқ
Түркия Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Түркияға Ғ-35 ұшақтарын сатқызбау шешімінің ешбір заңды дәлелінің жоқтығын қуаттады.
Мевлют Чавушоглу АҚШ-тан Түркияға Ғ-35 әскери ұшақтарын сатпау шешімін өзгертуді сұрады. Түркия Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың Ғ-35 әскери ұшақтарын сатпау шешімі екі елдің стратегиялық қарым-қатынастарына зиян келтіреді»,- деді.
Ақ үй сәрсенбі күні: «Түркияның Ресейден С-400 зымырандық қорғаныс жүйесін сатып алу шешімі АҚШ-тың Түркияға Ғ-35 әскери ұшақтарын сатуын мүмкін емес етті. АҚШ Түркиямен ынтымақтастығын жалғастырады. Бірақ Түркияның Ресейден С-400 жүйесін сатып алуы НАТО-ға теріс әсерін тигізеді»,- деп жалғастырды. Ақ үй сондай-ақ Түркия ұшқыштарынан 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін АҚШ-тан кетуді сұрады.