Ресей танкерді тұтқындау мәселесінде Иранды қолдады
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары: «Иранның британиялық Stena Impero танкерін тұтқындау туралы хабары Лондон басшыларының Гибралтар жағалауында ирандық Grace 1 танкерін тұтқындау хабарынан неғұрлым сенімділеу»,- деді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сергей Рябков жексенбіде: «Ирандықтардың өз әрекеттері туралы сұхбаттары Гибралтар үкіметінің Британия үкіметінің қолдауымен Еуроодақтың санкцияларын бұзды деген сылтаумен ирандық танкерді тұтқындауы туралы түсініксіз уәждерінен неғұрлым сенімділеу әрі қисындылау»,- деп жариялады.
Британия үкіметі 4 шілдеде Гибралтардың жергілікі үкіметінің ынтымақтастығымен Еуроодақтың Сирияға қарсы санкцияларын бұзды деген сылтаумен әскери күштерінің көмегімен ирандық танкерді тұтқындады. Иранның айтуынша, танкердің мақсаты Сирия емес еді және мұндай ірітоннажды танкер Жерорта теңізіндегі Сирия жағалауына тоқтай алмайды.