Болтон британиялықтарды батпаққа итермелегісі келеді
(last modified Mon, 22 Jul 2019 14:15:25 GMT )
Шіл 22, 2019 20:15 Asia/Almaty
  •  Болтон британиялықтарды батпаққа итермелегісі келеді

Өткен күндері АҚШ-тың Ислам республикасына қарсы қастықтарымен бірге Лондонның Иранға қарсы ойланбай жасаған әрекетінің куәсі болдық.

Британия теңіз күштері 4 шілдеде Гибралтар жағалауында Еуроодақтың Сирияға қарсы санкцияларын бұзды деген сылтаумен ирандық танкерді тұтқындады. Иран бұл әрекетті "теңіз қарақшылығы" деп атады. Әрине бұл оқиғаға Ақ үйде отырып, Трампты  аймақтағы шиеленісті арттыруға итермелеп,  басқа жақтан еуропалық мемлекеттерді Иранға қарсы қоюға талпынушылардың қатысты болуы айқын.  Иран Сыртқы істер министрі жексенбіде Твиттерде бұл мәселеге тоқталып: "Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон уды британиялықтарға қарай таратты. Ол бұл елді батпаққа итермелегісі келеді",- деп жазды. Британиялық "Гардин" газеті мәлімдемесінде: "Ақ үйдің Ұлттық қауіпсізді мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Британия үкіметін Гибралтар жағалауында ирандық танкерді тұтқындауға итермеледі",- деп жариялады. Ирандық танкерді заңсыз түрде тұтқындау күдікті оқиға. Аймақтағы кейбір танкерлердің өртенуі туралы хиқаяның жалғасы. Британиялық тумен келе жатқан танкердің Ормуз бұғазысынан өту ережелдері әдейлеп бұзуы бөгделердің Парсы шығанағын қауіпті ету мақсатын көрсетеді. Бұл күдікті сценарийдің жалғасында кейбір Батыс ақпарат құралдары Трамптың ирандық ұшқышсыз ұшақты құлату туралы уәждерін үлкен қылып көрсетуге талпынды. Алайда Иранның америкалық Boxer кемесінің ирандық ұшқышсыз ұшақтың бақылауында  болғаны туралы бейнематериалдың басылып шығаралуы  ешбір ирандық ұшқышсыз ұшақтың құлатылмағанын көрсетті. Ислам революциясы Сақшылар корпусының теңіз күштері  анықтайтын жүйелерін өшіріп, мұнай қалдықтарын тастағаны үшін Британияның   Stena impero  тұтқындады. Иран Сыртқы істер министрі Твиттерде: "Гибралтар жағалауындағы теңіз қарақшылығына қайшы Иран Парсы шығанағындағы әрекетін теңіз қатынасының халықаралық заңдарына сай іске асырды",- деп жазды.