Трамп: Иранмен келісімге келу қиын
(last modified Tue, 23 Jul 2019 07:42:17 GMT )
Шіл 23, 2019 13:42 Asia/Almaty
  • Трамп: Иранмен келісімге келу қиын

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Иранмен келіссөз жүргізгісі келген, бірақ Ираннан оң жауап ала алмаған АҚШ Президенті: «Иранмен келісімге келу қиын»,- деді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп дүйсенбіде Ақ үйде журналистермен кездесуінде Иран арасындағы шиеленістер туралы: «Олар (ирандықтар)  бізге құрметсіздік білдіреді. Сондықтан қазіргі жағдайда олармен келісімге келу мен үшін қиындап барады»,- деп  айтты. Иранға қарсы қысымды арттыру саясаты сәтсіздікке ұшыраған үшін өз елінде сынмен бетпе-бет келіп отырған Трамп: «АҚШ Иранға қарсы ең жаман сценарийді іске асыруға дайын»,- деп уәжденді. АҚШ Президенті ИИР Қауіпсіздік министрлігінің бұл елдің бірақатар тыңшыларын қамауға алуына реакция білдіріп: «Олар (ирандықтар) өтірік айтады»,- деді.

Иранның Қауіпсіздік министрлігі жексенбіде АҚШ Орталық барлау басқармасының Ирандағы тыңшылық арнасының анықталып, залалсыздандырылғаны туралы хабарлады.