Лондон Иранның британиялық танкерді тұтқындауына байланысты мәселеде сергелдеңге ұшырады
(last modified Tue, 23 Jul 2019 12:04:53 GMT )
Шіл 23, 2019 18:04 Asia/Almaty
  • Лондон Иранның британиялық танкерді тұтқындауына байланысты мәселеде сергелдеңге ұшырады

Британия АҚШ-тың стратегиялық серіктесі ретінде әрқашан Вашингтонның Иранға қарсы саясаттарын қолдауға талпынды. Алайда 19 шілдеде Иран ормуз бұғазында британиялық танкерді тұтқындағаннан кейін Лондон сергелдеңге ұшырап, бұл мәселеде Вашингтонның қолдауына үмітін үзіп отыр.

Бұл салада Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хант 22 шілдеде Қауымдар палатасының төтенше отырысында Иранның бұл елдің танкерін тұтқындауы оқиғасына байланысты  бұл танкер мен оның адамдарын азат етуді сұрауымен бірге: «Халықаралық заңдар бойынша, ирандықтардың британиялық танкерді тұтқындауға немесе оған енуге құқығы жоқ»,- деді.  Британиялық танкер Stena  Impero Ормуз бұғазы сынды халықаралық бұғаздардан өту ережелеріне немқұрайлық танытқан болатын. Иранның мәлімдеуінше, бұл танкер Ормуз бұғазына өткен кезде төрт рет қатынас ережелерін бұзды. Біріншіден бұл халықаралық суға енетін жолдан өтудің орнына одан шығатын жолмен Оман жағынан Парсы шығанағына енгісі келді. Екіншіден бұл танкер бақылауға түспес үшін өзінің навигациялық құрылғыларын, соның ішінде GPS жүйесін өшірген. Келесі мәселе теңізді ластануына себеп болатын мұнай қалдықтарын төгу, сондай-ақ бұл танкер ирандық кемемен бетпе-бет келіп, бұл оқиғаға мән бермей, жолын жалғастырды. Иран Ормуз бұғазының солтүстігінде орналасқан ел ретінде халықаралық заңдар, олардың ішінде 1982 жылы бекітілген теңіз құқықтары конвенциясы бойынша, бұл танкерді тоқтату құқығына ие болды. Джереми Хант сондай-ақ Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі және бұл салада теңіз коалициясын құруға байланысты мәселеге тоқталды. Хант: "АҚШ Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігіне байланысты ұсыныстар айтып, еуропалық одақтастарымен сөйлесті. Осы кезде Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын азат ету үшін еуропалық күштер құруға талпыныс жасалуда",- деді.  Ханттың уәждеріне қайшы бұл теңіз коалициясын құру көптеген мәселелермен бетпе-бет келуде. Сондай-ақ консерваторлар үкіметінің АҚШ-тың Лондонды қолдайтынына үміттенуіне қарамастан, Вашингтон бұл салада Трамп үкіметіне үміт артуға болмайтынын білдірді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Ормуз бұғазында британиялық танкерді тұтқындауы халықаралық заңдарға сай болса, Британия теңіз күштерінің 4 шілдеде Гибралтар жағалауында ирандық GRACE 1 танкерін тұтқындауы және бұл істі жалғастыруы туралы уәждері толық заңсыз болды. Өйткені Еуроодақтың Сирияға қарсы санкциялары біржақты болды және Иран оларды орындауға міндетті емес.