Кабул АҚШ Президентінің Ауғанстанға тіл тигізген сөздеріне реакция білдірді
(last modified Wed, 24 Jul 2019 13:35:46 GMT )
Шіл 24, 2019 19:35 Asia/Almaty
  • Кабул АҚШ Президентінің Ауғанстанға тіл тигізген сөздеріне реакция білдірді

Ауғанстан Президенті Дональд Трамптың сөздеріне реакция білдіріп: "Ауғанстан тарих бойында көптеген дағдарыстардан өтті және еш уақытта шетелдік құдыреттерге өз тағдырына араласуға рұқсат етпеді және келшекте де рұқсат етпейді",- деді.

Ауғанстан Президентінің кеңсесі мәлімдеме шығарып, АҚШ Президентінің Пәкістан Премьер-министрімен кездесуіндегі сөздеріне түсініктеме беруді сұрады. АҚШ Президенті Пәкістан Премьер-министрі Имран Ханмен Вашингтондағы кездесуінде Ауғанстан соғысын бір аптада аяқтатып, бұл елді картадан жоя алатыны, бірақ 10 миллион адамның өлімге ұшырауына байланысты бұл әрекетін орындамайтынын жариялады. Трамп Ауғанстан соғысын бір аптада тоқтата алатыны туралы сөздерін АҚШ 18 жыл бойы Ауғанстан батпағынан шыға алмай және миллиардтаған доллар әскери қаржы жұмсап, ең дамыған әскери техниканы пайдаланып отырған жағдайда айтуда. Бұл анық көрініп отырған сәтсіздіктерге қарамастан АҚШ шындықтарды қабылдағысы келмейді. Сондай-ақ АҚШ басшылары  Ауғанстанға жоғарыдан қарап, бұл елге тіл тигізіп отыр. Ауған сарапшысы әлеуметтік желіде: "Трамптың үстемдік болмысы бұдан бұрын да  әртүрлі жерлерде байқалған болатын. Бірақ Трамптың Ауғанстан туралы сөздері оның өзі мен бұл елдің басқа президенттерінің америкалық емес үкіметтер мен халықтарға байланысты бұрынғы уәждерден де нашар болды. Трамп дипломатиялық негіздерге қайшы, сондай-ақ бұл елдегі ағымдағы өзгерістерге сай келмейтін уәждер айтты",- деп жазды.  АҚШ Президенті бұл уәждерін Америка бұл елде тұйыққа тіреліп, Ауғанстан соғысы  АҚШ тарихындағы ең ұзақ соғысқа айналып, Дональд Трамп үкіметі талибандармен келіссөз жүргізуге мәжбүр болып отырған жағдайда айтты. Трамп билігінің басында Ауғанстан мәселесін әскери күштерін арттыру арқылы шешкісі келді. Мамандардың пікірінше, АҚШ-тың талибандармен келіссөз жүргізуді жоспарлауы - бұл елдің жариялаған ешбір мақсатына жетпегінінің белгісі. Басқа жақтан АҚШ-тың Ауғанстанды басып алғанынан 18 жылдан кейін АҚШ Президентінің бұл сөздері Вашингтон басшыларының Ауғанстандағы мақсаттарын ілгерілете  байланысты ашуға булығып отырғанын көрсетеді. Сондай-ақ Трамптың Ауғанстан мен оның халқы туралы айтқан сөздері бұл елдің келешегінің  АҚШ пен оның үкімет басшылары үшін маңызды емес екенін көрсетті. Сондықтан Ауғанстан халқы Вашингтонның қастықтарына, әсіресе тәліптермен жүргізетін келіссөздеріне қырағы болып, бөгде құдыреттерге өзінің  келешегі үшін шешім қабылдауға рұқсат етпеулері керек.