Ресейде 1000 заңсыз шеруші қамауға алынды
(last modified Sun, 28 Jul 2019 13:14:58 GMT )
Шіл 28, 2019 19:14 Asia/Almaty

Ресейдің қауіпсіздік күштері мен полициясы 1000-нан аса заңсыз шеруші мен қоғамдық тәртіпті бұзушыны қамауға алды.

Reuters ақпарат агенттігінің жексенбі күні Ресей басшыларына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл адамдар қауіпсіздік күштері мен полиция қызметкерлерінің Мәскеуде заңсыз шеруге қатысушылар мен қоғамдық тәртіпті бұзушыларға кесімді қатынас көрсетуі барысында қамауға алынды.

Ресей басшылары: "Жергілікті уақыт бойынша сенбі күннен бастап 3500-ге жуық адам Мәскеу қаласының кеңесіне сайлаудың әділ өтпегенін сылтауратып, шеру өткізді. Бұл шара Ресей үкіметі тарапынан заңсыз деп жарияланды",-деді.

Ресей полициясы бір мәлімдемеде: "Заңсыз шеру барысында жалпы 1074 адам әртүрлі айыптармен ұсталды",-деп хабарлады.

Шерушілер мен бүлікшілер Мәскеу әкімшілігінің ғимаратын күшпен басып алмақ болған. Бірақ полиция күштерінің тосқауылына ұшарып, артынан тарап кеткен.

Наразылар сайлау нәтижесінің күшін жоюды талап етті.