Джебели: Press TV арнасында Помпеодан сұхбат алу жоспарланбаған
(last modified Mon, 29 Jul 2019 08:35:32 GMT )
Шіл 29, 2019 14:35 Asia/Almaty
  • Джебели: Press TV арнасында Помпеодан сұхбат алу жоспарланбаған

Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының басшысы Пейман Джебели: «Press TV арнасы осы күнге дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеодан сұхбат алуға өтініш берген жоқ, арнайы бағдарлама да жоспарлаған жоқ», деді.

Иран үкіметінің ақпарат хатшысы Әли Рабии жексенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Press TV арнасының тілшісі Марзия Һашемидің АҚШ Мемлекеттік хатшысынан сұхбат алуға дайын екенін хабарлап: «Иран америкалықтардың сөздерін тыңдаудан қашпайды»,‑деді.

Осы арада Майк Помпео жексенбі күні кешке Twitter‑дегі жеке парақшасында  Bloomberg ақпарат арнасына берген сұхбатында Теһранға баруды қалайтынын айтқан бөлігін жариялап: «Жуырда Теһранға іссапармен барып, Иран халқымен тікелей сөйлесуге ұсыныс жасадым»,‑деп жазды.