Германия АҚШ-тың Парсы шығанағындағы теңіз коалициясына қосылуға қарсылық білдірді
(last modified Wed, 31 Jul 2019 14:54:13 GMT )
Шіл 31, 2019 20:54 Asia/Almaty
  • Германия АҚШ-тың Парсы шығанағындағы теңіз коалициясына қосылуға қарсылық білдірді

Парсы шығанағында АҚШ әскери күштерінің нығайтылуына байланысты осы геостратегиялық аймақта қайшылықтардың туындауы және теңіз заңдарын ашық түрде бұзғаны үшін британдық танкердің Иран тарапынан тұтқындалуы Вашингтон мен Лондонның Парсы шығанағында еркін кеме қатынасын сақтау үшін теңіз коалициясын құруға талпынуына себеп болды.

Алайда бұл жоба Вашингтонның еуропалық одақтастарының қарсылығына ұшырады. Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас өз елінің АҚШ тарапынан теңіз коалициясының құрылуына қарсы екенін мәлімдеді. Германия Сыртқы істер министрі: "Берлин қайшылықтардың азайтылуына басымдық береді. Германия АҚШ-тың Парсы шығанағында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін коалиция құру ұсынысына қарсы",-деді.

АҚШ ішкі іске араласушы трансаймақтық алпауыт ел ретінде Ираннан үркіту саясатын ілгерілету арқылы өзінің аймақта қалып, коалициялар құруын түсіндіруді көздеп отыр. Осы орайда  "Stena Impero" британдық танкерінің тұтқындалу мәселесі Вашингтон мен оның стратегиялық одақтасы Лондон үшін Парсы шығанағында теңіз коалициясын құруға талпынуларына таптырмас сылтау болды. Батыс Азия аймағында орналасқан АҚШ-тың лаңкестік күштері (CENTCOM) бейсенбі, 25 шілдеде "Парсы шығанағындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі" атты халықаралық отырыс өткізді.  БАӘ сияқты кейбір араб елдерінің өкілдері, Ұлыбритания мен  Еуропа елдерінің өкілдері Флорида штатының Тампа қаласында өткен осы отырысқа қатысып, Трамп үкіметінің Парсы шығанағындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі қамтамасыз етуге бағытталған "Сентинел амалы" атты бағдарламасын талқылады.

Ұлыбритания үкіметі Иран тарапынан осы елдің танкері тұтқындалғаннан кейін Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еуропалық елдердің теңіз күштерінің әріптестігімен бөлек амалдар жасауға ниетті екенін хабарлады. Мұнымен бір мезгілде Лондон өз танкерінің босатылуын талап етіп отыр. Ұлыбританияның жаңа Сыртқы істер министрі Доминик Рааб британдық танкердің босатылуын сұрады.  Ол танкерлермен алмасу мәселесі қарастырылмайтынын айтты.

Ұлыбритания қазір АҚШ-тың әріптестігімен көпұлтты теңіз коалициясы қалыбында Парсы шығанағындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қорғауға мүдделілік танытып отыр. Рааб Ұлыбритания тарапынан Парсы шығанағындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қолдау үшін ұсынылған жоба туралы пікірінде АҚШ-тың Еуроодақтың басқаруындағы қауіпсіздік жобасын қолдайтынын мәлімдеді.  

Көптеген елдер бұл жобаны қабылдамаған жағдайда Ұлыбритания Сыртқы істер министрі осындай уәждер айтып отыр. Бұған мысал ретінде Германияның теңіз коалициясына қатысуға ашық түрде қарсылық білдіруін атауға болады. Германия Парсы шығанағындағы еркін кеме қатынасын қолдау мәселесінің Вашингтон үшін Трамп үкіметінің барынша қысым жасау саясаты аясында Иранға қысымды күшейту үшін көтеріліп отырғанын жақсы біледі. Сол себепті Вашингтонның сценарийіне қатысқысы келмейді.