Зариф: Санкциялардың еш әсері жоқ
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың санкцияларын әсерсіз деп атады.
Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында өз аты-жөнінің АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілгеніне реакциясында бұл елдің оны санкциялар тізіміне енгізген себебін Иранның әлемдегі ең негізгі спикері болуы деп жазды.
Иран Сыртқы істер министрі "Бұл шындық (Иранның ең негізгі спикері болуы) соншалықты ауыр болғаны ма?" деген сауал қойып, АҚШ санкциясының өзі мен жанұясына еш әсер етпейтінін, өйткені Ираннан тысқары жерде активі мен мал-мүлкінің жоқтығын айтты.
Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың мені өзі бағдарламаларына қарсы ең үлкен қауіп деп білгеніне қуаныштымын",-деді.
АҚШ Мемлекеттік департаменті осы ел үкіметінің санкцияларға тәуелділігін жалғастырып, бейсенбі күні таңертең (Теһран уақыты бойынша) ИИР Сыртқы істер министрінің аты-жөнін санкция салынған адамдар тізіміне енгізді.