Зариф санкцияға ұшырағаннан кейін Помпео өз кінәсін өзгеге жабуға тырысты
АҚШ Мемлекеттік хатшысы: "Иран СІМ Теһранның тұрақсыздық тудыру саясаттарын нығайту құралы болып табылады",-деп уәж айтты.
Майк Помпео бейсенбі күні таңертең (Теһран уақыты бойынша) АҚШ-тың ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке санкция салғанынан кейін: "Иран СІМ бұл елдің дипломатиялық құралы ғана емес, тұрақсыздық тудыру саясаттарын нығайту құралы да болып отыр",-деп уәж айтты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы: "АҚШ Иранның бүлдіргі қатынасын өзгеру үшін дипломатиялық шешім жолын табуды көздейді",-деп мәлімдеді.
Майк Помпео: "Иранның дипломатиялық оқшаулығы бұл елден туындап отырған қауіп-қатерлерді тоқтататын көпжақты келісімге келгенге дейін жалғасын табады",-деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы: "Зариф – ИИР саясаттарын түсіндіріп, жеткізіп отырған ең негізгі тұлға",-деді.
Сондай-ақ, АҚШ үкіметінің тағы бір қайраткері: "АҚШ Зарифтің осы елге келу шарттарын жағдайға қарай бағалайтын болады. Ерекше жағдайға БҰҰ-ның резиденциясына сапар жатады",-деді.