Зарифке санкция салу АҚШ-тың Иран дипломатиясынан жеңілгенін білдіреді
(last modified Thu, 01 Aug 2019 12:10:44 GMT )
Там 01, 2019 18:10 Asia/Almaty
  • Зарифке санкция салу АҚШ-тың Иран дипломатиясынан жеңілгенін  білдіреді

АҚШ Қаржы министрлігі бейсенбі күні таңертең (Теһран уақыты бойынша) Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифті санкция салынған тұлғалар тізіміне енгізіп: "Иран СІМ Теһранның тұрақсыздық тудыратын саясаттарын ілгерілетіп отыр",-деп уәж айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Зарифке санкция салынуына реакциясында өзінің ИИР жүйесіне жауластығын көрсетіп: "Иран СІМ Теһранның бүлдіргі саясаттарын нығайту құралы болып табылады",-деді.

Санкция салу, барынша қысым жасау және қоқан-лоққы жасау – Трамп үкіметінің Иранмен күресте қолданып жатқан үш құралы. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін бұл құралдар Ақ үйдің қазіргі басшыларының күн тәртібіне қойылды.

Иранның сындарлы да қисынды дипломатиясы мен саяси шаралары Трамп үкіметінің ИИР-ге қарсы шараларын залалсыздандырып, Трамп жүргізіп отырған Ираннан үркіту саясатының әлемде қандайда бір  қорқыныш тудыруына тосқауыл болды.

Иранның ішкі салада принципті біртұтас саясат ұстануы және әлемдегі қоғамдық пікірді Трамп үкіметінің біржақты бүлдіргі саясаттарынан хабар етуде әсерлі болуы АҚШ басшыларын Иранға қатынаста тығырыққа тіреді.

Иран Сыртқы істер министрінің жуырдағы Нью-Йоркке сапарында белсенді дипломатия жүргізіп, әртүрлі америкалық ақпарат құралдарымен сұхбаттасып, Трамп үкіметінің Иран халқы алдындағы екіжүзділігін әлемге паш етуі Иранды ерік-жігерлер мен масс-медия майданында жеңіске жеткізді.

Иранның қисынды дипломатының әлемдегі қоғамдық пікірге баяндаған шындықтары Трамп үкіметінің Иран халқымен жауластығын одан ары әшкерелеп берді.

Трамп үкіметі қысым мен санкциялардың Иран жүйесіне бағытталғанын айтып келді, алайда Иран халқының өміріне тікелей әсер ететін экономикалық  санкциялар осы уәждердің бос сөз екенін айқындап берді.

Трамп үкіметінің біржақты қатынас ұстанып, басқаларды Иран халқына қарсы қою үшін қолданып отырған экономикалық  терроризмі адамзатқа қарсы қылмыс әрі гуманитарлық заңдарды ашық түрде бұзу саналады.

Мұнымен қоса, АҚШ-тың келесі бір уәжі – Иранмен ешбір шартсыз шынайы келіссөз өткізу. Зарифке санкция салынған соң бұл уәждің де бос сөз екені айқындалды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранмен келіссөз жүргізу жолының ашықтығы туралы уәждері АҚШ Қаржы министрлігінің Зарифке санкция салу шарасымен үйлеспейді. АҚШ-тың Иранға қатысты қарама-қайшы әрекеттер жасап, адасып-абдырап қалғаны әлем халықтарына тағы бір рет расталды.

Зарифке санкция салу Иран дипломатиясының халықаралық сахнада ықпалды екенін, Трамп үкіметін барлық салада түйткілге ұшыратқанын тағы бір рет көрсетті.

Әлемнің шығысынан батысына, солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі Зарифтің дипломатиясы дүние жүзі халықтарына АҚШ-тың Иран халқына жауластығы мен Трамптың біржақты қатынасының салдарларын көрсетіп берді.