Қытайда күн қуатымен жұмыс істейтін ұшқышсыз ұшақ сыналды
(last modified Thu, 01 Aug 2019 19:17:28 GMT )
Там 02, 2019 01:17 Asia/Almaty
  • Қытайда күн қуатымен жұмыс істейтін ұшқышсыз ұшақ сыналды

Қытайдың күн қуатымен жұмыс істейтін MOZI 2 ұшқышсыз ұшағы сынақтан сәтті өтті.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, MOZI‑2 ұшқышсыз ұшағы қанатының ұзындығы 15 метр. Ол тек күн қуатымен жұмыс істейді. 8 мың метр биіктікте ұша алады.

Қытайдың бұл ұшағы күн астында 8 сағат қуатталып, түнде 12 сағат баяу жылдамдықпен ұша алады.

Бұл ұшақ табиғи апаттар орын алған кезде құтқару амалдары барысында анықтау және байланыс қызметін атқарады деп күтілуде.