Иран СІМ: Зарифке санкция салу АҚШ үкіметінің дәрменсіздігін айқын көрсетті
ИИР СІМ АҚШ үкіметінің Иран Сыртқы істер министріне санкция салуын Вашингтонның дәрменсіздігінің белгісі деп атады.
Иран СІМ өз мәлімдемесінде АҚШ үкіметінің Мұхаммад Джавад Зарифке қарсы шарасын айыптаумен қоса, оны Вашингтонның дәрменсіздігінің айқын белгісі деп атап: «АҚШ‑тың жаңа санкциясы бұл елдің ИИР‑ның қисынға негізделген сындарлы дипломатиясынан қорқатынын және оның алдында әлсіздік сезінетінін әшкерелеп берді»,‑деді.
ИИР СІМ: «АҚШ‑тың Иран Сыртқы істер министріне қарсы санкциясы осы ведомство мен Зарифтің Иран халқы ісінің дұрыстығын дәлелдеу, ұлттық мүдделерді қорғау және АҚШ үкіметінің экономикалық терроризмімен күресу жолындағы талпыныстары мен шараларына еш әсер етпейді»,‑деп қуаттады.