Зариф: "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясындағы міндеттелерді азайтуға үшінші қадам жасалады
(last modified Sat, 03 Aug 2019 12:31:08 GMT )
Там 03, 2019 18:31 Asia/Almaty
  • Зариф:

Иран Сыртқы істер министрі қазіргі жағдайда Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясындағы міндеттелерін азайтуға үшінші қадам жасалатынын мәлімдеді.

Мәжіліс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф ИИР-ның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясындағы міндеттелерді орындау-орындамау жөнінде шешім қабылдауға құқылы екенін айтып: "Ядролық келісімнің орындалуын бақылау туралы ортақ комиссияға мүше барлық елдер "АҚШ бүкіл қайшылықтарға себеп болып отыр" деген қорытындыға келді",-деді.

Зариф: "Ядролық келісімге қол қойылғаннан кейінгі  Иранның талап-тілектері әу бастан анық еді. Бағдарлама аясынан тыс ештеңе күтпеді. Егер бұл халықаралық келісім басқа елдер тарапынан толық орындалмаса, Иран да оны жартылай орындайды",-деді.

Иран Сыртқы істер министрі 4+1 тобына мүше кейбір елдердің Иран тарапынан "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы аясындағы міндеттелерді азайтуға үшінші қадамның жасалмауын сұрағанына тоқталып: "Бұл жөнінде шешім қабылдау ИИР-ның ықтиярында. Егер басқа тараптар аталмыш келісімдегі міндеттемелерін орындамаса, бұл қадамның алдыңғы шаралардың жалғасында жасалатыны анық",-деді.