Иран АҚШ-тың Ресейге қарсы экономикалық терроризмін айыптады
https://itolqyn.com/news/world-i42938-Иран_АҚШ_тың_Ресейге_қарсы_экономикалық_терроризмін_айыптады
ИИР СІМ ақпарат хатшысы жұма күні кешке АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларын айыптап: "Экономикалық терроризм АҚШ-қа еш нәтиже бермейді",-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 03, 2019 18:55 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың Ресейге қарсы экономикалық терроризмін айыптады

ИИР СІМ ақпарат хатшысы жұма күні кешке АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларын айыптап: "Экономикалық терроризм АҚШ-қа еш нәтиже бермейді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейіт Аббас Мусави: "Америкалықтардың экономикалық терроризмді әсіре пайдаланып, Вашингтон сияқты ойламайтын және қатынас көрсетпейтін елдерге қарсы біржақты әрі заңсыз жазалар қолдануы – тиімділігінен айырылып, жеңіліс тапқан тәсіл",-деді.

АҚШ Президенті  Дональд Трамп жұма күні бір бұйрыққа қол қойып, Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға рұқсат берді.

АҚШ 2012 жылдан бері Магнитский заңы аясында Ресейге қарсы санкциялар сала бастады.