Зариф: Вашингтон әлемдегі жаңа жағдайға бейімделуі керек
(last modified Sat, 03 Aug 2019 15:11:14 GMT )
Там 03, 2019 21:11 Asia/Almaty
  • Зариф: Вашингтон әлемдегі жаңа жағдайға бейімделуі керек

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "Аймақтық диалог жобасы мен басқыншылық жасамау келісімі ілгерілеп жатқан шақта "Б" тобы әлсіреуде. АҚШ өз-өзін оқшаулау үдерісін тоқтатып, әлемдегі жаңа жағдайға бейімделуі керек. Халықаралық сахнада сауда мен күш-қуат өзгеруде: Қытай мен Иранға қарсы экономикалық терроризм де, Ресеймен арадағы INF келісімінен шығу да оны тоқтата алмайды",-деп жазды.

АҚШ Иранға соққы беру үшін барлық талпыныстарын жасады. Бұл шаралар қазір тіпті экономикалық қысымның аясынан шығып, әлемде кейбір тұлғаларға қарсы қабылданған қисынсыз шешімдерге айналып бара жатыр.

"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының Трамп тарапынан бұзылуы осы дипломатиялық жетістіктің бір керексіз дағдарысқа ұшырауына себеп болды. Ақырында АҚШ-тан сенуге болмайтын мемлекеттің бейнесі қалыптасты.  

АҚШ үстемдік етіп, зорлық көрсетуге бейім. Бірақ бұл тәсіл тек тәуелсіз елдер тарапынан ғана емес, ел ішінде Вашингтонның саясаттарын сынаушылар тарапынан да қабылданбайды.

АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы "Халықаралық міндеттемелерін сақтамайтын АҚШ-қа сенуге бола ма? "деген сауал тудырды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жуырда Вашингтонның міндеттемелерді бұзуын жалғастырып, жұма күні бұл елдің Орта қашықтыққа арналған ядролық зымырандарға тыйым салу келісімінен (INF) шыққанын ресми түрде хабарлады.  

Зарифтің сөзі шын мәнінде осы шындыққа меңзейді және мұндай үдерістің салдарларын ашық түрде көрсетіп отыр.

Бүгінде аймақ пен әлемдегі теңгерім АҚШ-тың талап-тілегіне керісінше өзгеріп жатыр. Вашингтон ерте ме, кеш пе зорлық көрсету стратегиялары дәуренінің өткенін және тиімсіз екенін қабылдауға мәжбүр.

АҚШ-тың "Политика" сараптамалық сайты сәрсенбі күні елдердің Трамп үкіметінің Иранға қарсы теңіз коалициясын құру жобасына қосылудан бас тартқанына тоқталып, бұл жобаны "Трамптың жалғыз адамдық коалициясы" деп атады.

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Батыс Азия аймағында қайшылықтарды жою қажеттігін айтып: "Германия үкіметі Иранға қарсы барынша қысым жасау саясатының қате екеніне сенімді",-деді.

Вашингтон өз саясаттарының дұрыстығын баса айтып, арандатушы әрекеттер арқылы аймақта соғыс шығаратын коалиция құруды көздеп отыр.

Вашингтон бұл саясаттың мақсатын Иранмен барлық даулы мәселелерді қарастыратын жаңа келісімге келу деп атап отыр. Алайда қазіргі таңда тіпті АҚШ-тың одақтастары үшін Вашингтонның Иранмен келіссөз жүргізу туралы ұсынысының алдамшы екені айқын.