Иран, Ресей мен Түркия Сирия дағдарысын диалог арқылы шешу қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 05 Aug 2019 08:54:19 GMT )
Там 05, 2019 14:54 Asia/Almaty
  • Иран, Ресей мен Түркия Сирия дағдарысын диалог арқылы шешу қажеттігін қуаттады

Иран, Ресей мен Түркияның өкілдері Қазақстанның елордасы Нұр Сұлтан қаласында Астана процесінің он үшінші отырысының ортақ қорытынды мәлімдемесінде Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге болмайтынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран, Ресей мен Түркия өкілдерінің Астана процесіне қатысты қорытынды мәлімдемесінде  Сирия қайшылығының әскери жолмен шешілмейтінін айтып, Сирияның солтүстік‑шығысындағы жағдайды талқылап, бұл аймақта ұзақ мерзімді қауіпсіздік пен тұрақтылыққа осы елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрметпен қарау арқылы ғана қол жеткізілетінін мәлімдеді.

Иран, Ресей мен Түркия өкілдері Сирияның Идлиб облысындағы қақтығыс азайтылған ауданның жағдайын егжей‑тегжейлі талқылап, Идлибке қатысты барлық келісімдерді, соның ішінде 2018 жылдың 17 қыркүйегінде қабылданған меморандумды толық орындау арқылы майданда тыныштық орнату қажеттігін қуаттады.

Иран, Ресей мен Түркия өкілдері, сондай‑ақ, Сирияда ДАИШ тобы, ән‑Носрат майданы мен басқа да лаңкестік топтарды толық жоюға табанды ерік‑жігер танытуды сұрады.

Астана процесінің он төртінші отырысы қазан айында өтеді деп жоспарлануда.

Тегтер