АҚШ пен бірнеше еуропалық ел Мәскеудегі наразылықтарға араласты
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы: "АҚШ пен бірнеше еуропалық ел Мәскеудегі наразылықтарға араласты",-деп хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мария Захарова АҚШ пен бірнеше еуропалық елді Мәскеудің ішкі ісіне араласқаны үшін сынап: "Бұл елдер наразылықтарды Ресейдің басқа қалаларында да тудыруды көздеді",-деді.
Захарова: "Соңғы күндері Мәскеудегі АҚШ елшілігі мен бірнеше еуропалық елдің елшіліктері өз ақпарат құралдарымен бірлесіп, Мәскеудегі наразылардың заңды шеруін бүлікке айналдырғысы келді",-деді.
Соңғы бірнеше күнде Мәскеуде болған наразылықтар барысында полиция 600-ден астам адамды бүлік шығарып, қаланың тәртібі мен қауіпсіздігін бұзды деген айыппен қамауға алып, сот органдарына тапсырды.