Зариф: АҚШ әлі де бейбіт адамдарды нысанаға алып келеді
https://itolqyn.com/news/world-i42976-Зариф_АҚШ_әлі_де_бейбіт_адамдарды_нысанаға_алып_келеді
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Херосимаға ядролық шабуылының жылдығы күні: "Хиросиманы бомбалағаннан 74 жыл өтсе де, АҚШ бейбіт адамдарды нысанаға алып келеді",-деп еске салды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 07, 2019 18:29 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ әлі де бейбіт адамдарды нысанаға алып келеді

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Херосимаға ядролық шабуылының жылдығы күні: "Хиросиманы бомбалағаннан 74 жыл өтсе де, АҚШ бейбіт адамдарды нысанаға алып келеді",-деп еске салды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні кешке Twitter-де: "АҚШ-тың ядролық қаруды бір қалаға қарсы қолданған жалғыз әрі бірінші режим атанып, максималды шығын әкелгеніне 74 жыл өтсе де, әлі күнге дейін бейбіт адамдарды нысанаға алып келеді",-деп жазды.

Зариф Вашингтонның экономикалық терроризміне тоқталып: "АҚШ экономикалық терроризм жасап, тарихи ядролық келісімді ("Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы) бұзды және қазір оған берік болуды қалайтындарды жазалау үстінде",-деді.

Сейсенбі күні таңертең Жапонияның Хиросима қаласында АҚШ-тың 74 жыл бұрын жасаған ядролық шабуылының құрбандары еске алынды. Осы ядролық бомбалаудың салдарынан 220 мыңға жуық адам жан тәсілім етті.