Зариф: АҚШ әлі де бейбіт адамдарды нысанаға алып келеді
ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Херосимаға ядролық шабуылының жылдығы күні: "Хиросиманы бомбалағаннан 74 жыл өтсе де, АҚШ бейбіт адамдарды нысанаға алып келеді",-деп еске салды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні кешке Twitter-де: "АҚШ-тың ядролық қаруды бір қалаға қарсы қолданған жалғыз әрі бірінші режим атанып, максималды шығын әкелгеніне 74 жыл өтсе де, әлі күнге дейін бейбіт адамдарды нысанаға алып келеді",-деп жазды.
Зариф Вашингтонның экономикалық терроризміне тоқталып: "АҚШ экономикалық терроризм жасап, тарихи ядролық келісімді ("Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы) бұзды және қазір оған берік болуды қалайтындарды жазалау үстінде",-деді.
Сейсенбі күні таңертең Жапонияның Хиросима қаласында АҚШ-тың 74 жыл бұрын жасаған ядролық шабуылының құрбандары еске алынды. Осы ядролық бомбалаудың салдарынан 220 мыңға жуық адам жан тәсілім етті.