Ислам революциясының жетекшісі аятолла Асеф Мохсенидің қайтыс болғанына орай көңіл айтты
(last modified Thu, 08 Aug 2019 09:45:41 GMT )
Там 08, 2019 15:45 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі аятолла Асеф Мохсенидің қайтыс болғанына орай көңіл айтты

Ислам революциясының жетекшісі өз хатында Ауғанстанның шиіт үлемдері кеңесінің басшысы моджаһед ғалым аятолла шейх Мұхаммад Асеф Мохсенидің қайтыс болғанына орай оның жанұясына, Ауғанстан мен Ирандағы оның жақтаушыларына көңіл айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні осы жолдауда: "Исламдық ел Ауғанстанда ержүрек халықпен бірге саяси, мәдени, ғылыми және әлеуметтік салаларда Алланың ризашылығы үшін ондаған жыл жасаған талпыныстары осы жоғары дәрежелі дінбасының мақтанышқа толы өмір жолын көрсетеді. Бұл дінбасының берекелі еңбегі оның мәңгі өшпес құнды рухани мұрасы болып қала береді",-деді.

Ауғанстанның шиіт үлемдері кеңесінің басшысы аятолла Мұхаммад Асеф Мохсени өмір бойы әртүрлі салаларда еңбек етіп, дүйсенбі күні 84 жасында қайтыс болды.  

Аятолла Мохсени Ауғанстанның конституциясын дайындауда және осы елде шиіт мазхабының ресми танылуында басты рөл атқарды.