АҚШ Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағына қатысты ішкі іске араласушы уәждер айтты
АҚШ Тасымал министрлігінің теңіз қатынасы бөлімі ішкі іске араласушы әрі халықаралық заңдарға қайшы мәлімдеме жасап: "Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағынан өтіп жатқан кемелердің навигациялық жүйелерінде ақау пайда болуы мүмкін",-деп уәж айтты.
CNN ақпарат арнасның хабарлауынша, АҚШ Тасымал министрлігінің теңіз қатынасы бөлімі бейсенбі күні мәлімдеме жасап: "Өткен апталарда Парсы шығанағында қатынаған кейбір кемелердің радарлық жүйелерінде шалыстық байқалған",-деді.
Мұнымен бір мезгілде АҚШ-тың аты аталмаған бір әскери қызметкері бұл ақаудың Иран тарапынан жасалғанын айтып: "Теһран кемелерді негізгі бағытынан жаңылдыруға талпынып жатыр",-деп уәж айтты.
АҚШ басшыларының ішкі іске араласушы сөздері мен ұстанымдары бұл елдің Парсы шығанағында әскер орналастыруының халықаралық заңдарға қайшы болып отырған жағдайында айтылып отыр.