АҚШ Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағына қатысты ішкі іске араласушы уәждер айтты
https://itolqyn.com/news/world-i42992-АҚШ_Ормуз_бұғазы_мен_Парсы_шығанағына_қатысты_ішкі_іске_араласушы_уәждер_айтты
АҚШ Тасымал министрлігінің теңіз қатынасы бөлімі ішкі іске араласушы әрі халықаралық заңдарға қайшы мәлімдеме жасап: "Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағынан өтіп жатқан кемелердің навигациялық жүйелерінде ақау пайда болуы мүмкін",-деп уәж айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 08, 2019 18:08 Asia/Almaty
  • АҚШ Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағына қатысты ішкі іске араласушы уәждер айтты

АҚШ Тасымал министрлігінің теңіз қатынасы бөлімі ішкі іске араласушы әрі халықаралық заңдарға қайшы мәлімдеме жасап: "Ормуз бұғазы мен Парсы шығанағынан өтіп жатқан кемелердің навигациялық жүйелерінде ақау пайда болуы мүмкін",-деп уәж айтты.

CNN ақпарат арнасның хабарлауынша, АҚШ Тасымал министрлігінің теңіз қатынасы бөлімі бейсенбі күні мәлімдеме жасап: "Өткен апталарда Парсы шығанағында қатынаған кейбір кемелердің радарлық жүйелерінде шалыстық байқалған",-деді.

Мұнымен бір мезгілде АҚШ-тың аты аталмаған бір әскери қызметкері бұл ақаудың Иран тарапынан жасалғанын айтып: "Теһран кемелерді негізгі бағытынан жаңылдыруға талпынып жатыр",-деп уәж айтты.

АҚШ басшыларының ішкі іске араласушы сөздері мен ұстанымдары бұл елдің Парсы шығанағында әскер орналастыруының халықаралық заңдарға қайшы болып отырған жағдайында айтылып отыр.