Шейх Ибраһим Закзакидің Үндістанға жіберілуі – Нигерия мұсылмандарының талпынысының нәтижесі
(last modified Tue, 13 Aug 2019 12:03:24 GMT )
Там 13, 2019 18:03 Asia/Almaty
  • Шейх Ибраһим Закзакидің Үндістанға жіберілуі – Нигерия мұсылмандарының талпынысының нәтижесі

Нигерия мұсылмандарының талпыныстарының арқасында ақырында осы елдің соты исламдық қозғалыс жетекшісі шейх Ибраһим Закзакиді емделу үшін Үндістанға жіберуге рұқсат етті. Осы мақсатпен шейх Үндістанға барды.

Қауіпсіздік қызметкерлері Закзакиді алып жүрген жағдайда ол Нигериядан Үндістанға аттанды. Нигерия соты Закзакидің сапары үшін қауіпсіздік қызметкерлерінің болуын, екі кепілдің болуын, осы ел СІМ тарапынан Үндістан ауруханасында қабылдау уақытының белгіленуін талап етті.

Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибраһим Закзаки елде жасаған белсендігі үшін қауіпсіздік тұрғыдан қысымға алынып, ақырында Нигерия әскерилерінің 2015 жылдың желтоқсан айында Зария қаласындағы бір діни орталыққа шабуылы барысында қамауға алынды. Исламдық қозғалыс жетекшісінің қамауға алынған кезінен бастап Нигерия мұсылмандары оны азат ету үшін ауқымды талпыныстар жасады, алайда олардың наразылық жиындары әрдайым Нигерия қауіпсіздік күштерінің қатігез қатынасына ұшырап отырды. Тіпті осыдан біраз бұрын осы ел Президенті Бухаридің кеңсесі бір мәлімдемесінде Нигерия исламдық қозғалысының жұмыс істеуіне тыйым салды.

Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибраһим Закзаки өткен жылдар барысында осы елдің халқын, әсіресе мұсылмандарды хабардар етуде және оларды зұлымдықпен күреске шақыруда айтулы рөл атқарды.  Осы тұрғыдан Нигерия басшылары шейхтің зұлымдыққа қарсы қатынасы мен хабарландыру әрекеттерінен алаңдап отыр.

Басқа жағынан аймақтағы саяси өзгерістер, Сауд Арабиясы мен сионистік режим сияқты елдердің соңғы жылдарда аймақтық саясаттарының сәтсіз болуы салдарынан қатынастарын өзгертуі олардың Африка елдеріне көңіл бөліп, ықпал етуді мақсат тұтуына себеп болды. Осы орайда Нигерия Африкадағы ең бай және халық саны көп елдердің бірі ретінде нысанаға алынып отыр. Бұл елдер қаржы және қару-жарақпен көмектесу арқылы Нигерияға ықпал етумен қоса, бұл ел басшыларының мұсылмандарға қарсы саясаттарына әсер етуге күш салып жатыр.

Университет ұстазы Мұхаммад Шаиб Мұса Нигерия армиясының АҚШ пен Израильдің бақылауында екенін және биік дәрежеге жеткісі келетін адамдардың Израильде білім алуы керектігін айтып: "Олардың мақсаты – исламды бұзу. Саудиялықтар мен америкалықтар Нигериядағы діни бостандықты жойып, елге жік салуға талпынып жатыр",-деді.

АҚШ пен оның одақтастары Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибраһим Закзакидің танымалдығынан қорқып, бұрынғыдай оның емделуіне кедергі жасауды көздеп отыр. Ал бұл жағдайда Нигерия мұсылмандары ғана емес, әлем мұсылмандары да шейх Ибраһим Закзакидің емделу үдерісін бақылап, оның Нигериядағы саяси сахнаға қайтып оралуын күтуде.