Нигерия үкіметі шейх Закзакидің көзін жоюға талпынып жатыр
(last modified Fri, 16 Aug 2019 07:54:03 GMT )
Там 16, 2019 13:54 Asia/Almaty
  • Нигерия үкіметі шейх Закзакидің көзін жоюға талпынып жатыр

Нигерия исламдық қозғалысы осы ел үкіметінің шейх Закзакиді өлтіруге талпынып жатқанын мәлімдеді.

YouNews‑тің хабарлауы бойынша, Нигерия исламдық қозғалысы бейсенбі күні кешке: «Нигерия жоғары сотының шейх Закзаки мен оның жұбайына емделу үшін сапарға аттануға рұқсат беру шешімі Нигерия үкіметінің қалауына қарсы болды. Нигерия үкіметі кез келген тәсілмен шейх Закзакиді өлтіріп, оның қозғалысын жоюға талпынып жатыр. Сонда Батыс империализмінің Африкаға қайта оралуына жағдай жасалады»,‑деп мәлімдеді.  

Нигерия исламдық қозғалысы: «Егер шейх Закзаки Нигерияда өз дәрігерлерінің қолында емделген болса, сот пен қоғамдық пікірді Нигерия үкіметінің былықтарынан хабардар ететін еді. Олар дәл осыны қаламай отыр»,‑деді.

Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Закзаки өзінің емделу үдерісіне көңілі толмауы, қауіпсіздік шектеулерінің қойылуы және сенімді дәрігерлердің болмауы себебінен бейсенбі күні кешке Үндістан астанасы Нью‑Делиден Нигерия астанасы Абуджаға ұшып кетті.