Трамп жалған уәжін тағы қайталады
АҚШ Президенті ирандық танкерді тұтқындау оқиғасында жеңіліс тапқаннан кейін: «Иран менімен келіссөз жүргізуді қалайды», деп тағы уәж айтты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп жексенбі күні бір тілшінің «Тұтқыннан босатылған ирандық танкер жайлы не білесіз?» деген сауалына жауабында: «Олар тәкаппар, намысқой адамдар. Мен мұны түсінемін, бірақ Иран мәселесінің шешілетінін сеземін»,‑деді.
Трамп тілшінің сұрағына жауабында: «Жаңа ақпарат жоқ. Иран келіссөз жүргізгісі келеді, бірақ бұл істі қалай атқарарын, қалай байланысарын білмейді»,‑деді.
Трамп Иран халқына қарсы айыптарын қайталап: «Шын мәнінде олардың қатынасы нашар. Біз олардың мұнайын сатуға санкция салдық, бірақ ол кезде олар мұнай сатып жатпаған еді»,‑деді.
АҚШ‑тың Гибралтар бұғазында ирандық танкерді тұтқында ұстауды ұзарту туралы өтініші қабылданбағаннан кейін Трамп осындай уәждер айтты.