Шейх Закзаки Үндістаннан қайтып оралған кейін белгісіз мақсатқа тасымалданды
(last modified Tue, 20 Aug 2019 09:16:47 GMT )
Там 20, 2019 15:16 Asia/Almaty
  • Шейх Закзаки Үндістаннан қайтып оралған кейін белгісіз мақсатқа тасымалданды

Нигерияның исламдық қозғалысы: «Шейх Ибраһим Закзаки мен оның жұбайы Үндістаннан қайтып оралған кейін қауіпсіздік күштері тарапынан белгісіз мақсатқа тасымалданды», деп мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нигерия исламдық қозғалысының хатшысы Ибраһим Мұса мәлімдеме жасап, осы елдің қауіпсіздік ұйымынан халыққа шейх Закзакидің қамалған жерін жариялауды талап етті.

Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибраһим Закзаки мен оның жұбайы 12 тамызда емделу үшін Үндістанға барған еді, бірақ емдеу үдерісіне көңілі толмағандықтан және қауіпсіздік шектеулері мен сенімді дәрігерлердің болмауынан бейсенбі күні, 15 тамызда Нью‑Делиден Нигерияның астанасы Абуджаға ұшып кеткен болатын.