Зариф: Иран өзін қорғау үшін біреуге бағынышты емес
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР АҚШ тың дамыған тыңшылық ұшқышсыз ұшағын толығымен жергілікті қарумен атып, құлатты. Бұл Иранның өзін қорғау үшін біреуге бағынышты еместігін көрсетті», деді.
Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні кешке Норвегия астанасы Осло қаласында тұратын ирандықтармен кездесуінде Сауд Арабиясы мен БАӘ‑нің миллиардтаған доллар тұратын әскери қару‑жарақ сатып алатынына тоқталып: «ИИР өз жері мен суының титтей де бөлігінің басқаларға берілуіне жол бермейді»,‑деді.
Зариф Еуропа елдерін INSTEX арнайы қаржы механизміне қатысты екіқырлы қатынас көрсетіп отырғанын сынап: «Еуропалық компаниялар Иранмен сауда қатынасын орнату үшін АҚШ Қаржы министрлігінен рұқсат сұрауы керек. Бұл мәселе соңында еуропалықтарға кеселін тигізеді»,‑деді.