Қазақстан ислам елдеріне азық түлік саласына инвестиция салуға ұсыныс жасайды
(last modified Thu, 22 Aug 2019 08:51:27 GMT )
Там 22, 2019 14:51 Asia/Almaty
  • Қазақстан ислам елдеріне азық түлік саласына инвестиция салуға ұсыныс жасайды

Қазақстан 27-29 тамызда Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтетін Исламдық азық түлік қауіпсіздігі ұйымының отырысында ислам елдеріне азық түлік саласына инвестиция салуға ұсыныс жасайды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Ауыл шаруашылығы  министрінің орынбасары Гүлмира Исаеваның айтуынша, бұл ел Джидда отырысында бірнеше ортақ қор ашу туралы ұсыныс жасайды. Бұл қорлардың бірі азық‑түлікті сақтауға арналады. Оның негізгі мақсаты –  Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету.  

Исаева: «Бүгінде ислам елдері әлем бойынша ұнның 70 пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстан осы ұйымның мүшесі ретінде ислам елдері нарығына астық экспортын арттыруда теңдессіз мұрсатқа ие болып отыр. Соның ішінде өзі ұсынып отырған қор аясында жылына бір‑бір жарым млн тонна астық пен ұн бере алады»,‑деді.

Қазақстан осы отырыста, сондай‑ақ, мүше елдер үшін басты капиталы 500 млн доллардан асатын инвестициялық қор құру тақырыбын көтереді.