Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін қуаттады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуроодақтың Орта Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Питер Буриян Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда кездесіп, стратегиялық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін қуаттады.
Осы кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Питер Буриян қос тарап арасында ауқымды ынтымақтастық пен ортақ келісімдер аясында әріптестікті одан ары тереңдету қажеттігін айтумен қатар, "Еуроодақтың Орта Азияға қатысты жаңа стратегиясы" атты жобаның орындалуын қалайтындарын білдірді.
Орта Азия республикаларының Батыс ұйымдары, әсіресе Еуроодақпен ынтымақтастықтары өткен отыз жыл ішінде алдымен тез қалыптасты, бірақ уақыт өте келе қиындықтарға ұшырады. Мына шындықты назардан тыс қалдырмау керек, Орта Азия республикалары іс жүзінде Батыс ұйымдарымен сауда-экономикалық қатынасты дамытып, инвестиция тартуды қалайды. Орта Азияның әлсізірек елдері әрдайым Батыс ұйымдарының қайтарымсыз көмектерін қабылдап келеді.
Соның есесіне, Еуроодақ сияқты Батыс ұйымдары бұл елдермен экономикалық байланыс орнатып, әртүрлі коммерциялық және инвестициялық жобаларға қатысу арқылы бұл аймақтың елдерін әртүрлі салаларда бақылауда ұстауды қалайды. Шын мәнінде Еуроодақ Орта Азия республикаларымен қарым-қатынаста экономикалық ынтымақтастықтармен қоса, осы елдердің адам құқығы, демократия, сөз және баспасөз бостандығы, әйелдер құқығы, азшылық топтар мен партиялардың құқығы сияқты салаларына араласуға тырысып жатыр. Бұл шындық іс жүзінде Орта Азия республикаларының Батыспен қарым-қатынасына ықпал етіп келеді. Мысалы, жуырда осы елдерге "Еуроодақтың Орта Азияға қатысты жаңа стратегиясы" атты жоба таныстырылды. Еуроодақ бұл стратегияны шын мәнінде 2007 жылы алғаш рет жариялады, бірақ Орта Азия елдерімен қарым-қатынас туралы жобаның жаңартылған нұсқасы өткен айда Бішкекте Еуроодақтың Орта Азиядағы бес елмен 15-ші ортақ отырысында таныстырылып, бекітілді. Бұл жобада Еуроодақтың Орта Азиядағы бес ел – Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған жаңа көзқарасы жарияланды. Еуропа елдерінің Орта Азия республикаларына ынтымақтастық жобаларын ұсынудағы шынайы ниеттері туралы бір батыстық сарапшы толық түсіндіріп берді. Еуроодақтың халықаралық ынтымақтастық және даму комиссары және осы одақтың сарапшысы Орта Азияғы қатысты былай деді: "Еуроодақ – Орта Азия елдері үшін дамуға көмектесетін серік. Бұл одақ 2014-2020 жылдар аралығында осы елдерге заңның үстемдік етуі, қоршаған ортаны сақтау, су ресурстары, сауда және шекараларды басқару салаларына 1 млрд доллардан аса қаражат жұмсап, қолдау көрсетті".
Шын мәнінде еуропалық елдер жаңартылған қатынас арқылы Орта Азиядағы серіктестерімен ынтымақтастықты нығайтып, бұл елдерге халықаралық байланыстар, әл-ауқат және саяси-экономикалық даму салаларында көмектесуді көздеп отырмыз деп уәж айтады. Шын мәнінде Батыстың Орта Азия республикаларымен ортақ саяси әріптестіктерін назарға алсақ, Еуроодақтың жаңа стратегиясының тараптардың ортақ ынтымақтастықтарының дамуына көмектесе алуы екіталай.