Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі ДАИШ қатері жайлы ұстаным білдірді
(last modified Sun, 25 Aug 2019 19:52:18 GMT )
Там 26, 2019 01:52 Asia/Almaty
  • Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі ДАИШ қатері жайлы ұстаным білдірді

Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі: «ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстан үшін стратегиялық қауіп болып саналмайды», деді.

Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохиб: «Ауғанстан халқы ДАИШ лаңкестік тобын қолдап отырған жоқ, сондықтан ол бұл елге қатер төндірмейді»,‑деді.   

Ол: «ДАИШ лаңкестік тобы ауғандардың қолдауына ие бола алмайды. Бұл топтың шабуылдары тактикалық қоқан-лоққы ғана»,‑деді.

Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі, сондай‑ақ, осы елдегі ДАИШ лаңкестері санын 700-1200 адам деп атап: «Бұл лаңкестердің көбі –  Пәкістандағы Талибан тобының мүшелері»,‑деді.

Мохибтің бұл сөздері БҰҰ‑ның өткен жылда қаза болған бейбіт ауғандықтар туралы есебінде бейбіт адамдардың 52 пайызының ДАИШ лаңкестік шабуылдары салдарынан қаза тапқанын мәлімдеген жағдайда айтылды. Ең көп адам шығыны Кабул мен Нангархарда болды.

Ауғанстан Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің «ДАИШ лаңкестік тобы Ауғанстан үшін стратегиялық қауіп болып саналмайды» деген ұстанымы осы елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің халықаралық қауымдастықтан ДАИШ‑пен күресу үшін консенсусқа келуді сұраған мәлімдемесіне сәйкес келмейді.

Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің халықаралық қауымдастықтан бұл елде ДАИШ‑пен күресу үшін консенсусқа келуді сұраған өтініші мынадай мағынаны береді: осы елде қауіпсіздік жөнінде шешім қабылдайтын ең жоғары органның зерттеулері бойынша, ДАИШ тобы стратегиялық қауіп болып саналады. Сол себепті онымен күресу үшін жаһандық консенсустың қажеттігі айтылды.   

Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ДАИШ­‑ті стратегиялық қауіп деп санайтынына қарамастан, осы ел Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохиб бұған қатысты басқа көзқарасқа ие. Ол ДАИШ лаңкестік тобын стратегиялық қауіп санамайды.

Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшелерінің бірі болғанымен Мохибтің кеңестің ресми мәлімдемесінен өзгеше ұстанымы орган ішіндегі қайшылықтардан хабар береді. Қайшылықтардың бір бөлігі ДАИШ‑тің осы елде қауіп саналу‑саналмауына қатысты болып отыр.

Әрине Ауғанстанда ДАИШ‑тың стратегиялық немесе тактикалық қауіп саналуына қатысты қайшылық бұл елдегі қауіпсіздік қайраткерлерімен шектелмейді. Сарапшылар мен ел арасында да бұған қатысты түрлі көзқарастар бар.

Бірінші пікір бойынша, ДАИШ Ауғанстан үшін бір үлкен қатерге айналып барады. Бұл лаңкестік топты ауыздықтау үшін әсерлі механизм қолданылмаса, осы елдің халқын үлкен қатерлер тосып тұр.

Екінші көзқарас бойынша, ДАИШ тактикалық қауіп саналады. Бұл топ Ауғанстан қоғамында қалыптасқан құндылықтар мен принциптерге қайшы әрекет ететіндіктен оның бұл елде стратегиялық қатерге айналу ықтималы зор.

Мұндай жағдайда ДАИШ‑тың Ауғанстан үшін стратегиялық немесе тактикалық қауіп саналғанын былай қойып, бұл елдің үкіметі мен қауіпсіздік басшылары өз жеріндегі барлық лаңкестік топтармен күресуге бағытталған нақты жоспар құруы керек.