Иран әртүрлі елдерге өзінің әуе-ғарыш құрал-жабдықтарын экспорттауға дайын
(last modified Tue, 27 Aug 2019 05:58:06 GMT )
Там 27, 2019 11:58 Asia/Almaty
  • Иран әртүрлі елдерге өзінің әуе-ғарыш құрал-жабдықтарын экспорттауға дайын

Ресейде өтіп жатқан әуе-ғарыш көрмесіне қатысу үшін осы елге келген Иран Қорғаныс министрінің орынбасары Теһранның әртүрлі елдерге өзінің ғарыш құрал-жабдықтарын экспорттауға дайын екенін хабарлады.

Иран Қорғаныс министрінің орынбасары және Әуе-ғарыш өнеркәсібі ұйымының басшысы генерал Абдулкарим Бәни Тарафи дүйсенбі күні IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иран Ресейдің әуе-ғарыш көрмесінде бір оқу-жаттығу ұшағы, бірнеше алыс-жақын қашықтыққа арналған ұшқышсыз ұшақ және ұшақ моторының бірнеше үлгісін көрсетіп жатыр»,-деді.

Генеран Бани Тарафи: «Бұл көрмеге қатысу – мамандар арасында құрал-жабдықтардың тиімділігін арттыру саласында байланыс орнатуға берілген жақсы мұрсат »,-деді.

Ресейдің «МАКС-2019» халықаралық әуе-ғарыш көрмесі Иран және басқа 16 елдің қатысуымен 27 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Жуковский қаласында өтеді.