Иран Сыртқы істер министрі мен Жапония Премьер-министрі кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i43200-Иран_Сыртқы_істер_министрі_мен_Жапония_Премьер_министрі_кездесті
Жапонияға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі осы елдің Премьер-министрімен кездесіп, сұхбаттасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 28, 2019 14:39 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі мен Жапония Премьер-министрі кездесті

Жапонияға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі осы елдің Премьер-министрімен кездесіп, сұхбаттасты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің сәрсенбі күнгі кездесуінде тараптар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының орындалу барысындағы соңғы өзгерістер, аймақтағы текетірестер мен оларды азайту жолдары туралы пікір алмасты.

Зариф осы кездесуден кейін Twitter-дегі жеке парақшасында: "Жапония Премьер-министрі  және Сыртқы істер министрімен Теһран мен Токионың өте жақсы қарым-қатынасы, Парсы шығанағында текетіресті азайту және Иран халқының ядролық келісімдегі мүдделерін сақтау туралы сұхбаттастым",-деп жазды.