Зарифтің Жапонияға сапары
"Иран мен Жапония Парсы шығанағында тұрақты энергетика нарықтарының қауіпсіздігінің сақталуына айрықша мүдделі".
Жапония Сыртқы істер министрі Таро Коно сейсенбі күні Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен бірге тілшілерге берген сұхбатында: "Біз Батыс Азиядағы қайшылықтарға алаңдаулымыз. Текетірестерді азайту үшін дипломатиялық талпыныстар жасалатынына үміттенеміз",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Жапонияға сапардан бұрын Бейжіңде өзінің қытайлық әріптесі Ван Имен кездесті.
Зариф Шығыс Азияға сапарының жалғасында бүгін Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэмен кездескеннен кейін Малайзияға аттанады деп жоспарланған.
Жапония "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына тікелей атсалыспаса да, ірі саяси-экономикалық алпауыт ретіндегі бұл елдің позициясы мынаны білдіреді: Токио ядролық бағдарламаға берік болып, аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау қажеттігін жақсы түсінетінін көрсетеді.
Шындық мынада: АҚШ-тың біржақты шараларының бүлдіргі әсерлері шектеулі емес. Егер Еуропа мен Қытай, Жапония, Ресей мен Үндістан сияқты елдер АҚШ-тың біржақтылығына қарсы тұрмаса, бұл үдерістің жалғасуы барлық салаларда ауыр шығындар әкеледі.
АҚШ-тың халықаралық заңдарға көңіл аудармауына және халықаралық құқықтарды ұдайы бұзуына қатысты наразылықтар бүгінде тіпті Вашингтонның жақын одақтастары тарапынан ашық түрде білдіріліп жатыр.
Japan Times бұл жөнінде: "Аймақтың жағдайы жақсы емес. АҚШ-тың шаралары аймақта текетірестердің өршіп кетуіне себеп болды. Осындай қысылтаяң жағдайда Жапония сияқты бейтарап ел іске араласады",-деп жазды.
Жапония АҚШ-тың санкцияларына қарсы сезілерлік шаралар жасамаса да, қайшылықтардың жалғасуына алаңдап отырғанын жасырмайды. Жапония Премьер-министрінің Теһранға бірнеше ай бұрынғы сапарының мынадай жолдауы болғаны анық: Иран – халықаралық деңгейде маңызды әрі әсерлі ойыншы. Сондай-ақ, Жапония үшін Иранның экономика саласындағы зор әлеуеті әрдайым маңызды болып келеді.
Жапония "Ники" газеті осы жөнінде: "Жапондық дипломаттар мен жауапты тұлғалар бұрыннан көбірек Иранға іссапармен баруды қалайды. Осылайша Токио бұдан ары азиялық және еуропалық достарынан кейін қалмауға тырысады",-деді.
АҚШ өткен екі жылдың ішінде өзінің азиялық және еуропалық одақтастарына көп қысым жасап, Иранды оқшауландырғысы келді. Алайда еш нәтижеге жетпеді. Қазір АҚШ-тың қайта келіссөз жүргізу деген тәсілмен Еуропа алаңында жүргізіп отырған ойыны да сондай тағдырға ұшырайды. Вашингтон Иранға экономикалық серіктес бола алатын елдерді алаңға жіберіп, солар арқылы Теһранды өзінің талап-тілектерін қабылдауға ынтыландыру арқылы өз қалауына жеткісі келеді. Шынында, америкалықтар әскери қоқан-лоққыны дипломатиялық-психологиялық қысымға өзгертті. Олардың екеуі де бір мақсатты көздейді. Яғни қолданыс аясы айқын: Иранның қарсыласуын жеңу және Иранды нәтижесіз келіссөздер үстеліне тарту.