АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қарсы тағы бір жауластық әрекет жасады
(last modified Sat, 31 Aug 2019 11:03:17 GMT )
Там 31, 2019 17:03 Asia/Almaty
  • АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қарсы тағы бір жауластық әрекет жасады

АҚШ Қаржы министрлігі Иранға қарсы тағы бір жауластық әрекет жасап, "Адриан Дария" ирандық танкері мен оның капитанына санкция салды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау кеңсесі сенбі таңертең жасаған мәлімдемесінде: "Адриан Дария" ирандық танкері инструкцияға сәйкес бұғатталған актив болып саналады",-деп хабарлады.

Бұл мәлімдемеде "Адриан Дария" ирандық танкеріне көмектескен кез келген адам жазаланады" делінген.

"Адриан Дария 1" (Grace 1) ирандық танкері 18 тамызда Гибралтар бұғазында 45 күндік тұтқыннан босап шығып, халықаралық суларға қарай бағыт алған болатын.

Қазір "Адриан Дария" деген атпен Иранның туы астында жұмыс істеп жатқан Иран мұнайын тасымалдаушы "Grace 1" танкері 4 шілдеде Гибралтар бұғазында тұтқынға алынған еді.