Адмирал Ханзади: Жуырда Каспий теңізінде «Қауіпсіздік және тұрақты айбын» атты әскери жаттығу өтеді
Қыр 01, 2019 13:39 Asia/Almaty
ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы жақын болашақта Каспий теңізінің маңындағы елдердің Теңіз күштерінің келісімімен «Қауіпсіздік және тұрақты айбын» атты әскери жаттығу өтетінін хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, адмирал Хосейн Ханзади сенбі күні: «Әлемдегі ең үлкен көл ретіндегі Каспий теңізінің қауіпсіздігі көршілес елдер тарапынан қамтамасыз етілуі керек. Осы теңіз маңындағы елдер басшылары қол жеткізген келісім негізінде бұл аймақтан тыс ешбір мемлекет оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге араласпауы керек»,-деді.
ИИР армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы: «Иран Каспий теңізінде бөгде елдің болуын қабылдамайды»,-деді.