Зариф: АҚШ-тың экономикалық лаңкестігі қарапайым халықты нысанаға алып отыр
Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ-тың тәуелсіз елдерге қарсы экономикалық лаңкестігі қарапайым халықты нысанаға алып отыр»,-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні АҚШ-тың Иран халқына қарсы санкцияларын айыптаған Куба Сыртқы істер министрінің Twitter-дегі жазбасына жауабында: «АҚШ-тың Куба, Ресей, Қытай, Сирия, Иран мен басқа елдерге қарсы экономикалық лаңкестігі әдейі бейбіт тұрғындарды нысанаға алып отыр. Вашингтон жазықсыз халықтарды қорқыту арқылы өзінің заңсыз саяси мақсаттарына жеткісі келеді»,-деп жазды.
Зариф: «АҚШ тәуелсіз елдерге санкция салумен қоса, теңіз қарашылығы, жемқорлық жасау және бопсалаумен де айналысады»,-деді.
Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Кубаның Иранды қолдағанына алғыс айтып: «Иран әрдайым Кубаның жанынан табылады»,-деп қуаттады.