Зариф Помпеоға: "Өркениетті" деген сөздің мағынасын білесіз бе?
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысынан "Өркениетті" деген сөздің мағынасын білесіз бе?" деп сұрап: "Өркениетті дегеніміз жазықсыз адамдарды өлтіру үшін үйлену тойларына ұшқышсыз ұшақтар жіберу дегенді білдіре ме?"-деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жұма күні Twitter-дегі жеке парақшасында Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту үшін жасаған үшінші қадамына реакциясында: "Ұлыбритания, Франция мен Германия және шын мәнінде әлемнің өркениетті халықтарының барлығы Иранның ядролық бопсалауын тоқтату үшін кесімді шаралар атқаруы тиіс",-деп жазды.
Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында осы сөздерге реакция білдіріп: "Өркениетті дегеніміз халықаралық суларда теңіз қарашылығын жасау ма? Мүмкін антигуманистік соғыстар жүргізу үшін аймаққа қару-жарақтарды үйіп-төгу деген мағына беретін болар?"-деді.
Иран Сыртқы істер министрі: "Ғасырлар бойы ешкімге шабуыл жасамаған мыңдаған жылдық тарихы бар халық "өркениетті" деп аталуы керек шығар?"-деп сауал тастады.