Ирандық банктер әлемдегі үздік 10 исламдық банктің қатарында
(last modified Sun, 08 Sep 2019 12:48:02 GMT )
Қыр 08, 2019 18:48 Asia/Almaty
  • Ирандық банктер әлемдегі үздік 10 исламдық банктің қатарында

Banker халықаралық басылымы тарапынан жарияланған әлемдегі ең үздік исламдық қаржы институттарының рейтингісіне сәйкес, Иранның 3 банкі әлемдегі 10 үздік исламдық банктің қатарына енді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Banker халықаралық басылымы толығымен исламдық институттар мен исламдық қорға сүйенген банкілердің 2018 жылдағы активтерінің өсуін зерттеді. Соның нәтижесінде Иранның "Мехр" кредит банкі, "Тоусе-е садерат" (Экспортты дамыту) банкі және Туризм банкі ислам шариғатына сәйкес активтерді өсіру тұрғысынан әлемдегі 10 үздік исламдық банктің қатарына енді.

Banker халықаралық басылымының хабарлауынша, Түркияның "Зераат" банкі мен Алжирдің әс-Салам банкі әлем бойынша бірінші және екінші орында тұр.