Эрдоған: АҚШ Сирияда лаңкестер үшін қауіпсіз аймақ құруды көздеуде
https://itolqyn.com/news/world-i43372-Эрдоған_АҚШ_Сирияда_лаңкестер_үшін_қауіпсіз_аймақ_құруды_көздеуде
Түркия Президенті АҚШ-тың Сирияның солтүстігінде лаңкестермен күресу уәждерін теріске шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 09, 2019 16:49 Asia/Almaty
  • Эрдоған: АҚШ Сирияда лаңкестер үшін қауіпсіз аймақ құруды көздеуде

Түркия Президенті АҚШ-тың Сирияның солтүстігінде лаңкестермен күресу уәждерін теріске шығарды.

«Анатоли» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Эрдоған Малатия облысында бірнеше жобаның тұсаукесер рәсімінде: «АҚШ Сирияның солтүстігінде Халық қорғаушылары бірліктері мен Түркияның Күрдістан аймағы жұмысшылары партиясы сынды лаңкестік топтар үшін қауіпсіз аймақ құрғысы келеді»,- деді. Эрдоғанның сөзінен кейін Түркия мен АҚШ армиялары Сирияның солтүстігінде қауіпсіз аймақ құру ортақ жобасы бойынша бірінші патрульді бастады.