Зариф Нетаньяхудың жаңа қойылымына реакция білдірді
(last modified Tue, 10 Sep 2019 14:41:38 GMT )
Қыр 10, 2019 20:41 Asia/Almaty
  • Зариф Нетаньяхудың жаңа қойылымына реакция білдірді

Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі жеке парақшасында сионистік режим Премьер-министрінің жаңа қойылымына реакция білдіріп, оның сөздеріне АҚШ-тың Иракқа шабуылынан бұрын 2002 жылы осы елдің Конгресіндегі бір жиналыста айтқан сөздерін қосып: "Шынайы ядролық қаруға ие режим өтірікші шопан секілді Иранда бұзылған нысан туралы уәж айтады",-деп жазды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі: "Нетаньяху  мен "Б" тобы жазықсыз қан төгілетінін ескермей, тек соғыстың басталуын көздеп отыр",-деді.  

Сионистік режимнің Премьер-министрі дүйсенбі күні өзінің сценарий жасауын жалғастырып, негізсіз уәждерін қайталап, тағы да Иранды атом бомбасын жасауға тырысуда деп айыптады.

Нетаньяхудың негізсіз сөздері АҚХА-нің кеше, дүйсенбі күні өзінің ең жаңа есепбінде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін растаған жағдайда айтылып отыр.